Жер бетіндегі өзгеғаламшарлықтардың кемесі

Oinet.kz 19-06-2019 1130

Өзгеғаламшарлықтар шынында да бар ма әлде ол адамдардың қиялынан туған нәрсе ме? Ал сіз қалай ойлайсыз? Ғарыш кемесін көргендер бар ма? Бар болса ол қандай? Әлде ол өз қиялымыздан немесе ойымыздан туған иллюзия ма? Бұл сұрақтар кімде болса да туындамауы мүмкін емес. Егер сіз ғарыш кемесін көрмеген болсаңыз, сіздің оны көруге мүмкіндігіңіз бар. Тек қолыңызда қаражатыңыз бен саяхат жасауға деген ынтаңыз болса жеткілікті.

Screenshot_4.jpg

1997 жылы Испанияның Бильбао қаласында канадалық архитектор Фрэнк Геридің жобасы бойынша атақты Гуггенхайма мұражайы құрылған. Оның атақты болу себебі ондағы мұражай ғимаратының өзі де, маңында орналасқан мүсіндер де өте ерекше. 

Screenshot_3.jpg

Суретте Гуггенхайма мұражайы, Бильбао, Испания

Ғимарат ХХ ғасырдың басындағы француздық философ Жак Дерридтің  идеясына негізделген деконструктивизмнің, архитектуралық стильдің жаңа, жарқын көрінісі. Бұл стиль ғимараттың ерекше қиын, қисық, қаланың ортасында ерекше көзге түсетін пішінін көздейді. Ғимараттың өзі сырттай планетааралық ғарыш кемесінің пішінін көзге елестетеді.

Screenshot_1.jpg

Бильбао қаласы және ерекше көзге түсетін Гуггенхайма мұражайы

Ал ондағы алып өрмекші француздық мүсіндеуші Луиза Жозефина Буржуаның авторлығымен өзге ғаламшар өкілі немесе өзгеғаламшарлықтар кемесіне кіретін есікті күзетіп тұрғандай кейіпте жасалған. Оның жанында тот баспайтын құрыштан жасалған, түссіз гүл қабыршақтарымен қапталған үлкен қызғалдақтар шоғырын көруге болады.

Screenshot_2.jpg

Болаттан жасалған алып өрмекші

Алып өрмекші Бильбаоның символдарының біріне айналған. Туристтер 9 метрлік құбыжыққа таң қалып, көруге асығады. Ал сол қаланың тұрғындарының оған бойлары үйреніп қалған және олар оны қалаға жақсылық пен қуаныш әкеледі деп есептейді. Оның қалада құрылуынан соң бильбаода жұмыссыздық азайып, шағын бизнес өркендей түскен. Бильбаода болып қайтқан кейбір адамдардың айтуынша, алып өрмекші біраз ауруға ем бола алатынын, әсіресе жүйке жүйесінің бұзылуында жақсы көмектесетінін мәлімдеген.

Дайындаған: Гүлзат Қалыбек

Геродот ғалым ба әлде жазушы ма?
Ең үлкен шеңберді айналдырып, рекордтар кітабына енген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу