Эмпатияңыз қандай деңгейде?

Oinet.kz 24-07-2019 863

Screenshot_1.jpg

Эмпатия - өзге адамның орнына өзіңізді қойып көру арқылы, оның ойлағанын ойлап, жан-дүниесін сезіне білу құбылысы.  Оның айқын көрінісі - өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. 

  Жақыныңыздың айыбын бетке баспастан бұрын, оны түсіне біліңіз, өз пікіріңіз дұрыс болса да тықпаламаңыз, оның ақыл-парасатын бағалаңыз. Құрандағы аят, бұйрықтардан басқасы талқылауға, ортаға салуға тұрарлық мәселе деп айтуға келмейді. Сол себептен де эмпатияны дамыту адами  тұрғыдан байлыққа жетелейді. Эмпатияңыздың да өзіне тән деңгейлері болады, олар: 

 1. Жаныңыздағы жақсыларыңызға сөзіңізді жүргізіп, олар сізден кеңес сұрағанын қаласаңыз, олар айтқан әр мәселеде өзіңізді олардың орнына қойып көріңіз.

 2. Әр адам эмпатияға жақын. Бірақ, әркімде әрқалай дамыған. Өмір сүру дағдысы – тәрбиесіне байланысты.

 3. Төмен дәрежелі эмпатиясы бар адамдар – эгоист келеді. Басқаларға жаны ашымайды, өз жағдайына ғана мән береді. Дегенмен, бұндай жандар тым сирек. 

 4. Орта дәрежелі эмпатиясы барлар – түсіне алатын, қолдап сырласа алатын жандар. Әйтсе де, өз мәселесі бола қалса, бұл сезім ұмытылады. Мәселесі біткеннен соң ғана жаны тыныштық тауып, сізге көмек қолын созуы мүмкін.

 5. Жоғары дәрежедегі эмпатиялы жандар –  кез-келген  қуаныш-қайғыңызды жүрекпен қабылдайды. Сіз үшін шынайы қуанып,  мәселеңіз бола қалса уайымға батады.  

 6. Тым жоғары эмпатиясы бар жандар - өзін ұмытып кетіп, өзгенін проблемасымен, эмоциясымен,мұң-жарасымен өмір сүреді. Мысалы, сіз ауырып қалсаңыз, сіз үшін алаңдап – тамақтан бас тартуы мүмкін. 

Питер Друкерден үш кеңес
Әдетіңіз - дертіңізге айналмасын...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу