Ежелгі Мысырда мысықтар неліктен ерекше құрметке ие болған?

Oinet.kz 18-08-2023 5232

Адам мен мысық қашаннан бері бірге өмір сүріп келе жатқаны әліге дейін беймәлім. Кей дереккөздерде 10 мың жыл десе, енді бірі 6 мың жылдан бері өмір сүреді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Мысықтар алғаш рет біздің эрамызға дейін 3000 жылдары Ежелгі Мысырда қолға үйретілген.  Ежелгі Мысырда ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Ал аграрлық кәсіптің жауы – кеміргіш жануарлар. Бастапқыда мысықтар кеміргіштер және жыландарды аулаған. Сол үшін де  адамдар арасында сыйлы болды. Одан бөлек мысықтар сол жылдары оба ауруын таратушы егеуқұйрықтарды аулап көзін құртқан. Сол арқылы адамдардың өміріне араша түскен.

Бір қызығы мысықтар өте қымбат үй жануары ретінде бағаланған. Оны тек бай-қуатты адамдар асыраған. Алайда тез көбейетіндігіне байланысты бай болсын, кедей болсын үйінде мысық асырайтындар көбейген. Мысықтарды қасиетті жануар ретінде құрметтеген.

Бұл біздің эрамызға дейінгі 3 мыңжылдықтың басында, Бубастис қаласы салынған кезде, Баст Құдайына табынатын негізгі орын болды. Баст аналықтың, үйдің, көтеріңкі көңіл күй мен берекенің құдайы болып саналады.

Оның бейнесі – мысық кейпіндегі әйел мүсіні. Онсыз да сүйікті үй жануарына айналған мысықтар дінмен қорғалатын болды. Адамдар мысыққа құдайға табынғандай табынған. Мысық өлген жағдайда, оны мумиялайтын. Ал мысықтық иесі жетпіс күн бойы аза тұтқан. Кейін оларды арнайы зираттарда жерлеген.

Мектеп оқушылары Жастар лигасында футболдан жарысты
Боралдай петроглифтері тастағы тарих
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу