Мектеп оқушылары Жастар лигасында футболдан жарысты

Oinet.kz 19-04-2023 3520

 Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының 3 кезеңі Абай ауданына қарасты футболдан топтық ойындары өтті.

сайт 63 фото.jpg

Жоба - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Лигаға қатысуға қаламыздағы 151 жалпы білім беру мекемесінен футбол, волейбол, баскетбол және шахмат ойындарына 536 команданың қатысуына өтініш түсті. Командалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 дене шынықтыру мамандарын жұмылдырылып, тікелей 8 569 оқушының бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етуде.

Бүгін бас төрешінің бекіткет кестесіне сәйкес Б - тобының кездесулері өтті. 

Айта кетейік, футболдан Абай ауданына қарасты жалпы білім беру мекемесінен 37 команда жасақталып, 773 оқушы қатысуда.

Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клуб» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Айта кету керек аталған жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылады.

Бұл дода бұқаралық спортты дамыту мақсатында үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтың идеясымен өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған еді. Биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатқан лига еліміздің өзге өңірлерінің де қызығушылығын тудырыпты.


Психологиялық тест: Қай жігіт - бай жігіт?!
Ежелгі Мысырда мысықтар неліктен ерекше құрметке ие болған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу