Атыс қаруларының көшірмелері

Oinet.kz 06-08-2019 1075

Әскери технологиялар ұрлығы арасында автоматтар мен пулеметтерді жасау технологияларының  ұрлығы ерекше көп таралған. Ондай атыс құралдарына ұрыс алаңында оңай қол жеткізіп, көшірме жасауға болады. Олардың құрылысы да аса күрделі болмағандықтан бөлшектерін де оңай көшіріп алуға болады.

d3f8b9a7d1.jpg

Атыс қарулары арасында ең көшірмесі көп таралғаны Калашник автоматы. Ең сенімді саналатын, таралымының көптігінен Гиннес рекордтар кітабына енген бұл дербес қаруға алғаш болып қытайлар көз салған. Ал кейін оның аналогтары Варшава келісімі елдері – ГДР, Польша, Румынияда, сонымен қатар Солтүстік Кореяда, Египетте, Пәкістанда да шығарылған. КХДР-да жасалған «Тип-56» және «Тип-56-1» автоматтары АК-47 автоматтарынан ұңғысының қысқалығымен және үшқырлы сүңгісімен ерекшеленеді. Көшірмелері аса берік болып шықпаған олардың құрышының сапасының төмендігінен тек 7000 рет атуға ғана шыдайды. Алайда АК-47 мен «Типтердің» ұқсастығының Даманский аралы үшін болған шайқаста кеңес әскерлеріне пайдасы тиген. Пузырев және Каныгин шекара сақшылары оқ-дәрілері таусылған шақта, калибрі және форма-факторы дәл келетін қытайдың көшірме қару-жарақтарын қолданған. Screenshot_8.jpg

Көпке танымал болған бұл Калашник автоматының кескінін Мозамбиктың мемлекеттік туынан да көруге болады

Судаев тапанша-пулеметі Калашниктен кейінгі екінші атыс құралы ретінде саналды. Жеңіл, шағын әрі тоқтаусыз жұмыс жасайтын ППС-43 қаруын немістер 1944 жылы көшіріп алып, вермахт зауытында МР-709 деген атаумен жасап шығарған. Бұл қаруды жасап шығару ГФР-нда соғыстан кейін де жалғасын тапқан. ППС-43 қаруының көшірмесі саналатын DUX-53 тапанша-пулеметі 50-жылдары шекара әскерлері мен жандармерияның негізгі қару жасағында болды. ППС-43 аналогтары Қытайда («Тип-43» маркасымен), Венгрияда, Вьетнамда да шығарылды.

Қан тобы арқылы адам мінез-құлқын анықтау
Неліктен көз суықты сезбейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу