Уиттиер: Әлемдегі халқы бір ғимаратта тұрып сол жерде жұмыс жасайтын жалғыз қала

Oinet.kz 12-08-2019 877

whittier_alaska_01.jpg

Елестетіп көріңізші, жұмысқа бару үшін сізге сағаттар бойы кептесісте тұрудың қажеті жоқ. Кешкі-құрым қарбаластың кезінде шаршаудың да қажеті жоқ. Супермаркетке бару үшін үйден шығып, касса алдында бітпес кезекке тұрып та керек емес. Бар болғаны лифт түймешесін басып, төменгі қабатқа түсу арқылы сіз жұмысқа да, дүкенге де, киноға да бара аласыз? Шындыққа жанаспайды ма?

Алайда бұл шындық. Аляска елінде барлық халық бір шатыр астында тұрып, жұмыс жасайтын қалашық бар екен. Уиттиер ескі қала болғанымен де, оның әлемде бары, әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатқандығы таң қалдырады. Уиттиер Аляскин шығанағында Вильгельм ханзадасы бұғазының жағасында орналасқан. Уиттиердің 220 тұрғыны бір ғимаратта — кондоминиумда тұрады. Қалашықтың тұрғындары ғимаратта өмір сүріп қана қоймай, жұмысқа да, мектепке де бару үшін ешқайда барып әуре болуының қажеті жоқ.

Қалаға мұндай ат қала маңындағы мұздыққа байланысты берілген. Ал мұздыққа өз кезегінде американдық поэт Джон Гринлиф Уиттьердің аты берілген екен. 

14 қабатты ғимарат «Бегич Тауэрс» деп аталады. Ғимараттың ішінде өмір сүруге қажетті барлық жер бар: полицей участкесі, 2 супермаркет, ойын алаңы, мемлекеттік қызмет көрсететін орын, кір жуатын жер, пошта, аурухана.

Қала басқа қалалардан оқшау орналасқан, табиғи ресурстармен күнелтетін көрінеді. Балық аулау жергілікті тұрғындардың ата кәсібі, негізгі пайда көзі.

91883812.jpg

Жергілікті климат орташа қалыпта болғанымен, қалада қыста қар қалың, ал жаздың күндері жаңбырлы екен.

Әрине, бұл мәңгі жоғалып, қайта көрінгісі келмейтін интроверттерге арналған мекен емес. Қала тұрғындары өте өркениетті, белсенді, білімді адамдардың санатына жатады.

Қалашық 1943 жылы құрылған, қаланы құру кезінде табиғат сұлулығын ескермеген, керісінше табиғатты оқшаулауды ескерген. Уиттиер АҚШ әскери қорғаныс объектісі ретінде салынған.

Жүктілік мерзімі 2 жылға дейін созылатын жануарды білесіз бе?
Солтүстік және Оңтүстік Кореяның айырмашылығын көрсететін 22 фотосурет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу