Қазан айының 16-на арналған жұлдыз жорамал

Screenshot_1.jpg

Тоқты: 

Тоқтыларға бүгінгі күн тосын сыйға толы болмақ. Қуанышты жаңалық естисіз. Әрдайым күліп жүріңіз.

Торпақ: 

16 қазан торпақтар өзгеретін күн. Сырт келбеті ғана емес жан дүниесі де өзгереді. Өтірік күлуді, өзгелердің алдында әлсіздігін жасыруды үйренеді.

Егіздер:

Егіздер жасандылықты тез байқайды. Сол себептен достары сирек. Ескерту, шақырған жерден қалмаңыз. 

Шаян: 

Сүйгеніңіз сіздің мәңгі қасыңызда сізге қамқор болып, қорыққанда жаныңыздар табылып, тоңғанда жылататын, жаурағанда жауыннан қорғайтын адам болғысы келеді. 

Арыстан:

Достарыңыздан хабар күтіңіз. Жақсы жаңалық болуы мүмкін. Шешім қабылдағанда абай болыңыз. Достарыңызбен саяхатқа шығып кетуіңізде ғажап емес

Бикеш:

Жан-жарыңызбен бірге болыңыз. Ол сізден қолдау күтеді. Қазір ол адам қиын сәттерді басынан кешіруде. Ол жанның көңіл-күйін көтерудің жолын қарастырыңыз.

Таразы:

Қарапайым болыңыз. Жан дүниеңізді рухани байытыңыз. Өзгенің кемшілігін көруді, оны бетіне басуды доғарыңыз.

Сарышаян:

Сіз бақыттысыз. Тек, сезіміңізді жасырын ұстайсыз. Жасырмаңыз, айтыңыз. Қателіктеріңізді мойындай біліңіз.

Мерген:

Мергендер өте ерекше жандар. Олардың бойында ақылдылық, адамгершілік, мейірімділк қасиеттер тұнып тұр. Сіздерге кеңес, өздеріңізге сеніңіздер. Сіз ғажап тұлғасыз.

Тауешкі:

Күніңіз сәтті басталмақ. Тосын сыйларға толы болады. Ең бастысы айтарымыз, жаныңызда жүрген жақын жандарды бағалай біліңіз. 

Суқұйғыш: 

Қызметте жолыңыз болады. Қалтаңыз да қалыңдайды. Сізге демалыс керек, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Балықтар:

Отбасыңызға көңіл бөлуге арналған сәтті күн болмақ сіз үшін. Достарыңызбен серуен құрыңыз. Күніңізді өзіңізге, жақындарыңызға арнаңыз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұлдыз-жорамал: 11-18 қараша
  • Ерекше жұлдыз-жорамал
  • Қазан айының 16-на арналған жұлдыз жорамал
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика