Жұлдыз-жорамал: 13-19 қаңтар

Oinet.kz 14-01-2020 2835

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Барлық адамға сене беруге болмайды. Бұл аптада тек қана өз түйсігіңізге сүйеніңіз. Сонда ғана сәтсіздіктерден сақтана аласыз. Батыл шешім қабылдаңыз. 

жұлдыз-жорамал.jpg

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)

Апта басында ұзақ жолға шықпағаныңыз абзал. Жұмыстарыңызды жүйелі түрде жоспарлап алыңыз. Сізге жинақылық пен тиянақтылық ауадай қажет.

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Тек тыныштық сақтау арқылы ғана сіз кез келген қиындықты жеңіп шыға аласыз. Эмоцияға бой алдырмаңыз.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Ескерту, эксперимент жасамаған абзал. Бәсекелестеріңізді де басып озуға тырыспаңыз. Күшіңіз сарқылып қалады.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)

Өміріңізді өзгертуге мүмкіндігіңіз бар. Бірінші қадам жасауға қорықпаңыз. Тәуекел жасауға өте тиімді апта.

Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)

Ешкіммен, тіпті жақындарыңызбен де ойларыңызбен бөліспеңіз. Ойға алған ісіңізді жүзеге асырыңыз. Содан кейін барып нәтижесін көрсетіңіз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Бастамашылық танытыңыз. Басшылыққа идеяңызды айтыңыз. Сіздің бастамаларыңыз қолдау табуы мүмкін.

Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)

Апта да жұмыс өте көп болады. Әріптестеріңіз бен бастығыңыздан көмек сұрауға арланбаңыз.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Болашақтағы жетістік үшін жақсылап жұмыс істеуге тура келеді. Ерінбеңіз. Сонда ғана адал еңбегіңіздің жемісін көресіз.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Сабырлы, ұстамды болуға тырысыңыз. Сізге сәттіліктің серік болуы екіталай. Басшылықпен де жанжалдаспаған абзал.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)

Айналаңыздағылармен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан сақтық танытыңыз. Басшылыққа басы артық талап қоймауға тырысыңыз.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Өзіңізге тапсырылған жұмысты тиянақты орындаңыз. Қолыңыздан келмесе жоқ деп айтуға қысылмаңыз.

дереккөз: reactor.inform.kz

9 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал
Жұлдыз-жорамал: 20 қаңтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу