Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 19-08-2020 1461

Тоқты. Күннің басын өз отбасың мен достарыңа арнағаның дұрыс. Жалпы бұл күні өзіңе қажетті мәселелер жағымды шешілуі мүмкін. Ойлаған істеріңіздің бәріне қол жеткізесіз.

image.png

Торпақ. Денсаулық – зор байлық. Спортқа көңіл бөліп, әрбір сәттен қуанышты көбірек іздегенің жөн. Достарыңның алдында мерейің үстем болып, көптеген шаруаларды тындырасың.Бастысы сіз бақытты жансыз.....

Егіздер. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңынан жүрем деп, денсаулығыңа ден қоюды естен шығарып алма. Уақыт тауып, кешкілік серуендерге шыққаныңыз абзал.

Шаян. Күніңіздің жақсы басталуы өзіңізге байланысты. Жалқаулық адамның үлкен жауы, сондықтан көп еңбектенгенің дұрыс. Сонымен қатар спортқа да көңіл бөлгенің жөн. Жаныңызға жақын жанды тапқаныңызда абзал.

Арыстан. Қуанудың сәті түсті. Көптен күткен мәселелерің дұрыс ыңғайына қарай шешілмек. Жалпы өз достарыңнан қуанышты хабар келуі мүмкін.Кешкіліс отырыстарға баруыңыз ғажап емес......Сүйгеніңізбен біргесіз....

Бикеш. Ойға алған жоспарыңды іске асыруға асықпайсың, батылың жетпейді. Бағыңды ұшырып алуың әбден мүмкін, сол үшін бар күш-жігеріңді салып, мақсатыңа жетуге талпын.

Таразы. Нағыз қуанышқа бөленіп, күліп жүретін уақыт келген сияқты. Бұл күнде көңілді жүріп-ақ талай істі бітіріп тастайсың. Сенің көңіліңнің көтеріңкі болуы, сені қоршаған ортаға әсері мол болмақ.

Сарышаян. Жалқаулықтан арылу саған оңай болмаса да, осы күні толығыменжұмыс істеуге арнағаның жөн. Сен үшін бұл күн қызықты жаңалықтарға толы болады.

Мерген. Еңбек түбі – құрмет. Сондықтан бұл сенің сенің еңбегіңнің еленіп, бағаланатын уақыты. Сол себептен әлі де талмай еңбектене бер, жемісін көресің.

Тауешкі. Көздеген мақсаттарыңа біртіндеп қол жеткізе бастайсың. Күні бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүресің. Күннің екінші жартысында саған үлкен табыс әкеледі.

Суқұйғыш. Достарыңмен сирек араласуың мүмкін, бірақ бұған бола ренжіме. Қыдыруға қай кезде де уақыт табасың, ең маңыздысы, ой көкжиегіңді кеңейту.Бастысы күніңіз тамаша өтеді.

Балықтар. Бұл күні жол жүруің мүмкін. Ата-анаңмен бірге алыстағы туысқандарыңа барып қаласың. Күн басын жай бастағаныңмен, соңына қарай қарбалас шаруалар көптеп болады.

Кешірім сұрай алмайтын 4 зодиак белгісі
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу