Сұлулығыңызға қажет кеңестер

Oinet.kz 18-11-2019 894

Көпшілік күтімді терінің құпиясы қымбат косметикалық құралда деп ойлайды. Бірақ, олай емес. Күнделікті процедуралар терінің қуаттануына, қалпына келуіне және күйзеліске қарсы тұруына «отын» беріп тұрады.  

image.png

1. Ұйқыны қандырыңыз Түнімен аунап, дұрыс ұйықтамай шыққан күні теріңізге айнадан қарасаңыз, сол кезде оған жақсы ұйқының қаншалықты керек екендігін түсінесіз. Ғалымдар зерттеулер бойынша, дұрыс ұйықтамаған адамдардың көздері ісіп, қызарып, терең әжімдер пайда болатынын және қабақтары салбырайтындығын байқаған. Оның басты себебі – кортизол күйзеліс гормоны. Кортизолдың ең аз мөлшері ұйқы кезінде ғана болады. Сондықтан, егер сіздің ұйқыңыз қанбаса, кортизол деңгейі жоғарылап, коллагеннің жоғалуына әкеледі. Әр күні 8 сағат дұрыстап ұйықтауға тырысыңыз. 

2. Спортпен айналысыңыз Зерттеулер бойынша, уақытылы жаттығатын 40-тан асқан адамдардың терісі одан 1,5-2 есе жас адамдармен бірдей болады екен. Бұл көп қозғалуға жақсы мотивация. Бұл жерде күнде жаттығу залына барып, өзіңізді қинап дайындалу керек деген сөз емес. Аптасына екі күн жүгіретін немесе велосипед тебетін адамдарда да осындай нәтиже болады. Бастысы, жаттығуды тоқтатпау керек. Өзіңізге ұнайтын спорт түрін таңдап, онымен айналысуды әдетке айналдырыңыз. 

3. Күн әсерінен қорғаныңыз Күннен қорғайтын кремдер теріге көмектесетінін рас, бірақ оның әсері күні бойы сақталмайды. Сондықтан, тек оған сеніп қалмаңыз. Өзіңізді ультракүлгін сәуледен толықтай қорғау үшін көзілдірік пен қалпақ киіп, денеңізді жабуға және сағат 10:00-16:00 аралығында көлеңкеде жүруге тырысыңыз. Тері жастығының ең бірінші жауы – ультракүлгін сәуле. Ол коллагеннің бұзылуына және пигментті дақтардың пайда болуына ықпал жасайды. 

4. Су теңгерімін сақтаңыз Ылғалдандырғыш креміңіздің құрамына мән беріңіз. Ол жерде гиалурон қышқылы болады. Ол зат біздің терімізде де болады және тамақпен немесе сусынмен келген суды ұстап тұратын ылғыл тартқыш болып келеді. Сондықтан тері тығыз болып келеді. Сусыздандыру кезінде су басқа ағзаларға кетіп қалады. Терінің сусызданғанын қайдан білуге болады? Ол үшін алақанның немесе білектің сыртқы жағын шымшып алыңыз. Егер тері орнына жылдам қайтпаса, ағзаға су жетіспейді. Күні бойы су ішіп жүруді әдетке айналдырыңыз. 

5. Аз уайымдап, көбірек қуаныңыз Сіз күйзелісте болған кезде кортизол деңгейі жоғарылайды. Ол коллагеннің өңделуіне әсер етіп, терінің құрғақтануына және әжімдердің пайда болуына әкеледі. Күйзелістен арылудың көптеген әдістері бар. 

6. Уақытылы пилинг жасаңыз Тері жасушалары әрдайым жаңарып тұрады, бірақ жас үлкейе келе және қоршаған ортаға байланысты теріге ескі қабаттардан құтылуға көмектесу керек. Сондықтан аптасына 1-2 рет пилинг жасап тұрыңыз. Пилингті үйден де дайындауға болады. Ол үшін тұз, қант, бал және кокос майын араластыру керек.
Дереккөз: massaget.kz

Шаш ұштануын кетірудің 10 әдісі
Үйге қажет кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу