Секпілден қалай құтылуға болады?

Oinet.kz 18-03-2020 3198

Көктем келе барша адамдардың бетіне секпіл шығады. Кейбір жандар жүздеріндегі секпілден ұялады. Бірақ секпіл адамның сұлулығына ерекше сұлулық қосып тұрады. Ал осы «ерекше сұлулық» неліктен адам жүзіне шығады? Соны қарастырайық.

Screenshot_2.jpg

Неліктен бетке секпіл шығады?

  • әртүрлі типтегі гармондық ақаулар

  • ас қорыту проблемалары

  • бауырдың ауруы

  • ағзадағы дәруменнің аздығы

  • стресс

  • терінің қорғаныс функциясына қатысты мәселелер

Секпілден қалай құтыламыз?

Үй жағдайында секпілге қарсы маскалар жасау арқылы сұлулығыңызды қалыпқа келтіре аласыз. Бұл маскаларды күнара немесе алмастыра жасап тұруға болады. Ендеше, біз сіздерге секпілден арылу үшін қолданатын маскалар тізімін ұсынамыз. 

Секпілге қарсы қияр маскасы

Depositphotos_5351007_m-2015.jpg

Қияр бет терісін ағартып және ылғалдандырып қана қоймай, сонымен қатар секпілден арылуға да көмектесе алады. Маска жасау үшін қажетті заттар қияр мен ақжелкен (петрушка).

Әуелі қиярдың қабығын тазалап, блендірден өткіземіз. Ақжелкенді ұсақтап турап аламыз. Қоспамызды жақсылап араластырып, дайын болған масканы бетімізге жағып, 20 минут күтеміз. Бұл масканы әрқашан ұзақ уақыт күн сәулесінде жүріп келген соң жасаңыз. Маска бер терісін ағартып және жағадан секпілдің шығуына жол бермейді. Сонымен қатар, бұл маска көздің айналасынын қараюына да көмектеседі.

Секпілге қарсы ас содасы қосылған маска

Depositphotos_148227161_m-2015.jpg

Ас содасынан оңай әрі тез дайын болатын бет терісін ағартатын лосьон жасай аламыз. Бұл үшін бізге ас содасы мен таза су қажет болады.  

Стакандағы таза суға 7 қасық ас содасын саламыз. Дайын болған қоспаны күнде таңертең, кешке немесе күнде ұзақ уақыт жүріп келген соң жағамыз. Біршама уақыттан соң жылы сумен жуып тастаймыз. Ас содасы – беттегі пигментті дақтар мен секпілді кетіруші табиғи өнім болып саналады.

Секпілге қарсы лимон маскасы

Depositphotos_75406981_m-2015.jpg

Теріні ағартуда азия елдері лимонды жиі қолданады. Бұл масканы жасау үшін бізге лимон мен бал қажет болады. Жарты лимонның шырынын бір қасық балмен араластырыңыз. Бетіңізге жағып 20 минут күтіңіз. Лимон шырынымен жуып тастаңыз. Бұл масканы тек түнде жасағыз. Өйткені лимон күн сәулесі түскен жағдайда кері әсерін тигізері мүмкін.

Секпілге қарсы құлпынай маскасы

1466369111_maska-s-klubniki-na-lice.jpg

Құлпынайдың пісу маусымы күн сәулесінің белсенділігімен тікелей байланысты. Секпілдер арылуда бұл жемістін тигізер пайдасы орасан. Бұл масканы жасау үшін бізге құлпынай мен айран немесе йогурт қажет болады.

Құлпынайды айранға немесе йогуртқа қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетімізге жағып, 20 минуттан соң жуып тастаймыз. Пайдалы масканы күніне бір рет және күн сәулесінде ұзақ уақыт жүріп келген соң жасау қажет. 

Бетке қанша жастан бастап күтім керек?
Әйел тартымдылығының 7 құпиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу