Сырқатыңыз күнәңіздің өтеуі ме?

Oinet.kz 06-11-2019

Screenshot_10.jpg

Алланың елшісі (с.ғ.с.) бұл тақырыпқа қатысты былай деген:

«Егер мұсылман дертке шалдығып, кейін Алла оны дертінен сауықтырса, онда оның бұл сауығуы – бұрын өткен күнәлары үшін кешірім, ал келешек күнәлары үшін дәріс болмақ. Егер екі жүзді адам дертке шалдығып, сосын одан айықса, онда тұсауланып, кейін қайта жіберілген түйе сияқты. Ол өзінің не үшін тұсауланып және неге жіберілгенін білмей басы қатады», – дейді. Сонда пайғамбардың (с.ғ.с.) қасында отырғандардың бірі:

–Уа, Алланың елшісі! Науқастық дегеніміз не нәрсе? Мен өмірімде ауырып көрмедім – деп таңырқап сұрақ қояды.

Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Орныңды босат, сен бізден емессің!», – деп оған әмір етті» деген хадисті Амир әр-Рам (Алла оған разы болсын) риуаят қылған (Әбу Дәут).

Түсініктеме: Пайғамбардың (с.ғ.с.) «Мен өмірімде ауырып көрмедім» деген кісіні жиыннан шығарып жіберуіндегі мақсат, дені дұрыс адам міндетті түрде ауырып, науқас болып, денсаулықтың қадірін біледі. Алла Тағала кез келген адамға түрлі сынақ жібереді. Ауырмайтын адам болмайды деген сөз.

/Жалғас Садуахасұлы/

Жесір әйел мен жетім балалар сауабы
Құранның жүрегі болған сүре
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×