Пайғамбар және темекі

Oinet.kz 07-11-2019 1255

темекінің зияны.jpg

Күндердің күнінде мұсылман елінде қария кісі жол кезіп кетіп барады. Жолда бір топ жігіт темекі шегіп, дүр-дүр әңгіме соғып тұрады.  Әлгі шал қастарына жақындап:

-Жігіттер, мына темекі шегу деген Исламда дұрыс емес екендігін білесіңдер, неге бұлай жасайсыңдар?-дейді. Арасынан бір жас жігіт:

-Ақсақал, маған Құраннан не хадистен темекіге тыйым салған дәлел тауып берші,-дейді тәкәппарлана.  Ақсақал:

-Мен сендерге кітап беттерін ашып ертең дәлел тауып келемін,-дейді де, теріс бұрылып кетіп қалады. Ертесіне көшеде әлгі жігіттер қайта тұрады. Ақсақал жандарына келеді. Олар ақсақалға:

-Ақсақал, не болды? Қандай кітап оқыдыңыз? Қайда дәлеліңіз?, дейді мысқылдап. Сонда ақсақал:

-Мен ешқандай кітап бетін ашқан жоқпын. Бірақ, түнде терең ұйқыға кеткенімде түсімде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарды көрдім. Ол да сендер сияқты көшеде темекі шегіп тұр екен,-дей бергенде әлгі жігіттер:

-Ақсақал, сен не айтып кеттің? Пайғамбарға с.а.у. тіл тигізбе! Есің дұрыс па?- деп ашуланды. Сол уақытта ақсақал:

-Көрдіңдер ме? пайғамбарды с.а.у. қатты жақсы көресіңдер, әрі оған тіл тигізуден сақтанасыңдар. Егер солай болса, неге оны үлгі тұтып оның жолымен жүрмейсіңдер? Темекі шегудің жаман екенін біле тұра одан бас тартпайсыңдар. Бұл пайғамбардың (с.а.у.) көрсеткен жолы емес екендігін білсеңдер дереу доғарыңдар темекіні,-деп өз жолымен кеткен екен.

Жалғас Асхатұлы, дінтанушы

Пайғамбарымыз неге суды бөліп-бөліп ішуді өсиет еткен?
Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу