Аллаға қарыз беру

Oinet.kz 03-06-2020

Абдуллаһ ибн Масғуд (радиаллаһу анһу) былай деуде:

image.png

«Мына аят түскенде: «Кім Аллаға көркем түрде қарыз берсе, (дүниесін Алла жолында жұмсаса) Алла бұны еселеп арттырады» ("Хадид" сүресі, 11-аят) Әбу Даһдаһ әл-Ансари (радиаллаһу анһу) таң қалды.

Содан Әбу Даһдаһ әл-Ансари (радиаллаһу анһу) Расулаллаға (алайһис салату уә сәлләм):

«Уа, Алланың пайғамбары, Алла бізден қарыз сұрай ма? Яғни барлық нәрсенің шынайы иесі әрі қожайыны онсыз да Алла емес пе? Осыған қарамастан бізден қарыз сұрай ма? Қалағанын алатын құқыққа ие әрі қалауынша жұмсай алатын құдірет пен күш иесі бола тұра өз дүниесін өз пенделерінен, біздерден қарыз ретінде сұрай ма? Субханалла, бұл неткен сыпайылық! - деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонда: «Иә, әй, Әбу Даһдаһ».

Әбу Даһдаһ: «Уа, Алланың пайғамбары, әкел қолыңды». Расулалланың (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) қолын ұстап серт бергеннен кейін: Уа, Алланың пайғамбары, менің 600 түп құрма ағашы бар бақшам бар. Дәл қазір әйелім Үмму Даһдаһ пен бала-шағам сол бақта. Мен сол бақшамды құрма ағаштарымен бірге Аллаға қарызға бердім».

Әбу Даһдаһ осыны айтқаннан кейін «Аллаға қарызға бердім» деген әлгі бақшаға барып, сол жердегі әйеліне былай деп дауыстады:

«Әй, Үмму Даһдаһ, дереу бұл бақшадан шық. Өйткені мен бұл бақшаны Алла үшін қидым» дедім. Осы оқиғаның басқа бір риуаятында мына жайт жазылған:

Күйеуінің әлгі бақшаны Аллаға қарызға бергенін естіген Үмму Даһдаһ «Өте табысты сауда-саттық жасапсың» деп жауап қатады. Артынша дереу балаларын алып ол бақшадан сыртқа шығады.

Акушердің мұсылман болуына себеп болған оқиға
Ешбір пенде белгіленген ризығын алмай өмірден өтпейді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×