Бас мүфти қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады

Oinet.kz 09-07-2020 1420

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарға үндеу жолдады.

image.png

Бас мүфти үндеуінде отандастарымызды қиын сәтте көбірек дұға жасауға шақырды. 

"Көптеген азаматтар сынақ сәтінде садақа беріп, құрбан шалып, дұға етуде. Садақамыз бен құрбандығымыз осы бір нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болғай. Баршаңызды көппен бірге ел игілігі үшін дұға жасап, көбірек салауат пен ифтихфар айтуға шақырамы", - деді ол.

"Құрметті қауым, асыл дінімізде қажет уақытта қажет көмекті жасау үлкен сауапты амалдардың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғыс алайық. Дәрі-дәрмектің бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық. Ал жұртымызды жұқпалы індеттен арашалап алуға бар күшін жұмсап, жан-тәнімен қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы сөзімізді арнап, жігерін оятайық. Олар үшін әрдайым дұғада болайық", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ашуды ауыздықтайтын 3 әдіс
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы оқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу