Алла елшісі сүйіп жеген тамақтар

Oinet.kz 10-08-2020 1052

Әбу Хазим: «Мен Сахл ибн Сададан: «Алла елшісі таза арпа ұнынан жасалған нан жеді ме?»-деп сұрадым. Сахл ибн Сада: «Ол Пайғамбар атанғаннан қайтыс болғанға дейін таза ұнды көрген жоқ»-деп жауап қатты. Мен: «Жақсы, бірақ сіздердің уақыттарыңызда илеуіш болмады ма?  Иленбеген арпадан қалай нан пісірдіңіздер?»-деп сұрадым. Ол: «Жоқ, Пайғамбарымызда илеуіш болған жоқ. Ал арпа дәнін біз тартып, содан кейін қауызын үрлеп ұшырып, су қосып қамыр жасадық»-деді» (Бухари).

Многоликий исламБал мен халуа
Айша анамыздың: «Алла елшісі халуа мен балды жақсы көретін»-деген.
Зәйтүн майы
Пайғамбарымыздың өзі: «Зәйтүн майын тағамға қосыңдар және өздеріңе жағыңдар, себебі ол қасиетті ағаштың өнімі»-деген.
Сүт пен құрма
Әбу Халид: «Бірде мен құрманы сүтпен жеп отырған адамға келдім. Ол маған: «Дәм тат. Себебі Алла елшісінің өзі бұл екеуі туралы: «Рұқсат етілген және ең тамаша тағам»-дегенін айтты дейді.
Анар ағашының жемісі – жұмақ жемістерінің бірі
Ибн Аббас: «Алла елшісі анарды бір түйірден алып жейтін. Біз одан: «О, Алланың елшісі!  Неге анарды бір түйірден жеп отырсың»-деп сұрадық Ол сонда: «Әр анарда жұмақ жемісінің түйірі бар. Және мен жеген түйірлердің бірі жұмақ жемісі болатынына сенемін»-деді.
Әли Алла елшісінің мынадай сөзін жеткізеді: «Анар сығындысын ішіңдер, себебі ол азқазанды тазартады.
Айва (беже) жанды жадыратады
Талха: «Бірде мен Алла елшісіне келдім. Мен келгенде оның қолында айва болды. Және ол маған: «О, Талха! Дәм тат. Айва жүректі нұрландырып, жанды жадыратады»-деді.
Ибн Аббас: «Бірде Джабир ибн Абдуллах Алла елшісіне Таифтан әкелінген айва әкелді. Алла елшісі осы айваны алып тұрып: «Бұл мұң мен қайғыдан арылтады және жүректі нұрландырады»-деді.
Қасиетті құрма
Алла елшісінің: «Егер үйде біздің негізгі тағамымыз болып саналатын құрма болмаса, олар ашыққандар саналады»-дегені жеткен.
Абдуллах ибн Буср: «Бірде бізге Алла елшісі келді. Біз оған сары май қосылған құрма бердік. Ол сары май қосылған құрманы өте жақсы көретін»-дейді.
Айша анамыз: «Алла елшісі жас құрманы қауын-қарбызбен бірге жейтін»-дейді.
Нан – құрмаға «тұздық»
Юсуф ибн Абдуллах ибн Салям: «Мен Алла елшісінің нан тілімін алып, үстіне құрма қойғанын көрдім және ол: «Нан – бұл құрмаға тұздық»-деді».

Нәпсі тәрбиесі
Намаз тастап кетпеу үшін... (кеңестер)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу