Жаман түстен сақтанудың 9 әдісі

Oinet.kz 20-10-2020 1019

image.png

1) Жатар алдында "Аятуль курсиді" оқып жату;

2) Хадисте келгендей, "Ықылас" "Фәлақ" "Нас" сүрелерін үш реттен оқып дем салу, яғни денені түгел сипап шығу;

3) Мүмкіндік болса "Бақара" сүресінің соңғы екі аятын оқып жату;

4) Дәрет алып жатуға тырысу. Себебі, дәретпен ұйықтаған адамның қойнына періштелер түнейді.

5) Ұйқыға жатар алдында

«Аллаһумма бисмикәл ләһума әмууту уә ахия» (Иә, Алла, Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен тірілемін (оянамын) деген дұғаны айту;

6) Кешкі зікірлерді айтып жүру;⠀

7) Шама келгенше "Мүлк" сүресін оқып жатуды әдетке айналдыру;

8) "СубханАллаһ", "Әлхамдулилләһ", "Аллаһу Әкбар" деп 33 реттен айту;

9) Төсекті сипап, қағып жату. Сосын "Ықылас", "Фәлақ", "Насты" оқып дем салғанда денеңізбен қоса төсекті де сипалап шығу.

Меғраж деген Алланың тағы орналасқан жер
Сені таң намазына оятатын 8 себеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу