Сіңілімнің ішіне жын кірген секілді
01-04-2024
Көз тию жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Көз тию – ақиқат. Егер тағдырмен жарысқа түсе алатын бір нәрсе бар болса, онда ол нәрсе көз тию болар еді (тағдырды өзгертер еді)», -деген.
Адамға, жануарларға, тіпті үйге де көз тиеді. Көз тию өз балалары, туыстары, достары және өзге адамдар тарапынан болуы мүмкін.
Көз тиюден қорғану үшін әрдайым Алланы зікір етіп жүру керек. Әсіресе өзіне немесе жанұясына таңғалып жатса, «Алланың қалағаны» (мәшаллаһ), «Алладан басқа күш-қуат жоқ» (лә қуатә иллә билләһ) деп айтқаны дұрыс.
Оған мына аят дәлел: «Бау-бақшаңа кірген кезде «Бұл – Алланың қалағаны! Алладан басқа күш-қуат жоқ!» деп неге айтпадың?»[2].
Үй иесі бала-шағасымен бірге таңертеңгі және кешкі зікірлерді айтып, намаздан кейінгі дұғаларды оқып жүрсе, Алла Тағала оларды түрлі пәле-жаладан, көз-тілден сақтайды.
Ізгі амал жасап, дұға етудің мынадай әдептері бар:
- Үйге кіргенде, үйден шыққанда бисмилләны айту. Мүмкіндік болса, ұйықтаудан алдын дәрет алып, екі ракат намаз оқу.
- Ұйықтауға жататын кезде «Уа, Раббым! Сенің есіміңмен жаттым. Егер ұйқыдан оянбай кетсем, онда мені рақым ет! Егер аман-есен оянатын болсам, салиқалы құлдарыңды пәле-жаладан сақтағаныңдай, мені де сақта!» деген мазмұнда дұға оқу.
- Ұйықтаудан алдын 33 рет «Субханаллаһ», 33 рет «Әлхамдулилла», 34 рет «Аллаһу акбар» деп айту, 3 рет истиғфар айту.
- Ұйықтаудан алдын Фатиха сүресін, Бақараның алғашқы бес аятын, Аятул Курсиді үш қайта оқу.
- Алла Тағаланың міндетті түрде сақтайтынына сену. Мүслим, Ибн Мажә «Каһф» сүресі 39-аят
fatua.kz