Шынайы тәубе қалай жасалуы керек?

Screenshot_7.jpg

«Тәубе» сөзінің жалпы мағынасы пұшайман болу, өкіну, айналу, бұрылу дегенді білдіреді.

«Тәубе» Ислам діні тұрғысынан пенденің жасаған жамандықтары мен күнәларына пұшайман болып, күнә жасаудан бас тартып Алла тағалаға сиынуы, бұйрықтарына бағынуы және тыйым салғандарын жасамау арқылы Алла Тағаладан сыйына отырып кешірім сұрау деген мағынаны білдіреді.

Жасаған күнәларына байланысты «тәубе ету» парыз.

Құранда тәубә және осы мағыналас сөздер 86 мәрте кездеседі. Құран Кәрімнің 9-сүресі «Тәубе сүресі» деп аталады. Осы сүренің 104-інші аятында «Олар пендесінің дұғасын қабыл етіп, садақаларын алатын тек қана Алла екенін білмей ме? Шынында, Алла – тәубені қабылдағыш, ерекше мейірімді» деп бұйырылады.

«Тәубе ету» Адам атадан бастау алады және құлшылықтың бір көрінісі болып табылады. Тәубә ету шын жүректен, байсалдылықпен және күнәні қайтып жасамайтынына сенімділікпен жасалуы қажет.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар да тәубә мәселесінде үмметіне өнеге болған және мұсылмандарды үнемі тәубе етуге шақырған (Мүслим, «Тәубе», 1,78).

Ислам дінінде тәубенің орны ерекше маңызды. Өйткені күнә жасаған пенденің күнәсін Алла тағаладан басқа ешкім кешіре алмайды.

Балғабек Мырзаев

дереккөз: muslim.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұма күнгі амалдар
  • Адамға жынның кіру себептері, белгілері, шығару жолдары
  • Намазда еріксіз жылау нені білдіреді?
  • Рамазан айында неге ет жеуге болмайды?
  • Үйленуден де маңызды іс
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика