Сәкен Майғазиев Мейрамбекпен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты

Oinet.kz 01-04-2020 1910

Наурыз айының басында Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиевтың жеке берген концерттерінен соң "Музарт" тобының тағдырына алаңдаған тыңдармандардың қарасы көп болыпты. Дәл осы тақырыптың айналасындағы алып қашпа әңгімелерден соң 20 жылдық тарихы бар әйгілі ансамбль мүшелері де жанкүйерлеріне мардымды жауап қатпаған. Бұл туралы ShowNewsKz ютуб каналында айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz.

make-sake.jpg

- Мейрамбек Бақытжан Сағынтаев мырзаның Мәдениет басқармасының кеңесшісі болғаннан кейін сіздер Музарт тобы бөлінейін деп жатқан жоқ па? немесе Сәкен мырза сіз Өнер академиясының шығармашылық және Халықаралық қатынастар бөлімінің проректоры болған соң сіздер осы жұмысты тоқтатқыларыңыз келәп жүр ма? Екі қошқардың басы бір қазанға сыймай жүр ма? деген сияқты. Бір жағы заңды, орынды сұрақтар. Мен айтқым келеді екі қошқар емес, біз он қошқардың басын бір қазанға сыйдырып жүрген қазақтың жігіттеріміз. Мейрамбек те, Мақсат та, Кенжебек те жалпы кез келген өнер адамдарымен жақсы, тығыз қарым-қатынастамыз. Сыйластығымыз жарасқан деп айтсақ болады. Айтайын дегенім біздің арамыздан ешқандай ала мысық өткен жоқ, - дейді Сәкен Майғазиев. 

Мадина Сәдуақасова Тоқаевтың үндеуіне байланысты пікір білдірді
Марат Омаров «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қарсы пікірін білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу