Марат Омаров «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қарсы пікірін білдірді

Oinet.kz 01-04-2020 1519

Maрат Омаров КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында тосыннан немерелі болған еді. Әншінің ұлы Азаматтың некесіз қызы бар екені белгілі болды. Енді Марат Омаров хайп қуған бағдарлама заңға қарсы әрекет етті деп айыптады «Рарагazzi» бағдарламасына берген сұхбатында. 

c710f0a1-b909-4c0b-804a-aaf8789cd965 (1).jpg

Бағдарлама барысында анықталғандай ДНҚ сараптамасы бүлдіршіннің әкесі Азамат Омаров екені расталды. Марат Омаров та, Азамат Омаров та бул жағдайды қуанышпен қабылдап, қыз баланы бауырына басты. Айта кетейік, Азамат Омаровтың әйелі, бала-шағасы бар. Енді тағы бір қыздың әкесі атанды. Алайда бұл жаңалық Марат Омаровтың 95 жастағы анасына ауыр тиген екен. Әжейдің қан қысымы көтеріліп, өлім аузынан қалған көрінеді. Бұл туралы әншінің өзі мәлімдеді. 

- "Менің 95 жастағы анам қатты ауырып қалды Өлім аузынан қалды. Егер тамыры жарылып кетіп, әлдеқандай жағдай болса, кім жауап берер еді. Бағдарламаның жауапты адамы ма? Неге олар адамның ар-ожданын ойламайды? Біреудің ар-намысына тию заңға қайшы әрекет. Неге біздің отбасылық мәселені ел алдында талқылап, рұқсат сұрамастан бұрын талқыға салады. Сараптама жасалмай жатып, хайп қуып осындай дүниелерді жария етеді? Рейтинг үшін, хайп үшін жасайтын шығар. Бірақ бұл заңды әрекет емес", - деді  Марат Омаров. 

Сәкен Майғазиев Мейрамбекпен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты
Мөлдір Әуелбекова ұлына әке іздеуге кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу