Медеу Арынбев қауіпті дерттен айыққанын қуана жеткізді

Oinet.kz 02-04-2020

Қазақс эстрадасының белді мүшесі  Медеу Арынбаев сырқаттанып қалып, біраз уақыттан бері сахнадан көрінбей кеткен болатын. Алайда, бүгінгі күні өнер иесі ауыр дертінен толығымен айығып шыққанын хабарлап, барша жанкүйерлерін қуантты. Эстрада жұлдызы ауруын жеңіп, енді барынша шығармашылығына көңіл бөлетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап. 

7uwnNrSyCdF4yWRjWJnhWlfwnRGYaB.jpg

Бұл қуанышты жаңалығымен әнші карантин уақытында берген онлайн концерті кезінде бөлісті. Ол өзін біраз уақыт мазалаған ауыр дерттен күрделі отаның арқасында айығып шыққанын жеткізді.

- "Өткен жылы осы кезеңдерде басымнан үлкен дерттен құтылдым. Он сағаттық ота жасалды. Бәрі алаңдап, сұрап жатыр. Денсаулығым бүгінде жақсы. Бәрі керемет, бәрі артта қалды. Бір түс көргендей болып қалдым" , - деді Медеу Арынбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар әншілер онлайн концерттер бере бастағанын жазған болатынбыз. Алғашқылардың бірі болып, ел алдына шықпай кеткен Жұбаныш Жексенұлы өз тыңдармандарын қуантты. Одан кейін бұл бастаманы Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев жалғастырған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына туған ауыр жағдайда ел еңсесін көтерген әртістерге өз алғысын білдірді.

Мөлдір Әуелбекова ұлына әке іздеуге кірісті
"Мен еркекпін, қызым бар": Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×