"Мен еркекпін, қызым бар": Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Oinet.kz 02-04-2020 1838

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап берді. Эстрада жұлдызы сүйіктісі бар екенін растап, жақын арада отбасын құруға қамданып жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап. 

image.png

Әлішер Кәрімов ата-анасы оның үйленуін талап етіп жатқанын алға тартты. Әнші өзі отбасын құрғысы келгенімен, ғашығы некелесуге дайын еместігін жеткізді. 

"Қазіргі анама әкем қосылды. Екеуі екі жақтан үйленуімді талап етуде. Мен оларға енді Таразға бармай қоямын деп қалжындаймын. Бірақ, осы жолы әкем өзіммен алғаш рет жеке сөйлесіп, үйленуге ниетім бар ма екенін сұрады. Негізі менде қызым бар ғой. Бірақ, әлі болмай жатыр. Сүйіктім әлі дайын емес. Алайда, отбасын құру мәселесі орнынан қозғалды" , - деді шоу-бизнес жұлдызы. 

Айта кетейік, бұған дейін карантин кесірінен үйлену тойлары кейінге шегерілген жұлдыздар туралы жазған болатынбыз. Олардың қатарында Олжас Әлжанов, Жарқынай Ханайым, Кентал және тағы да басқа өнер иелері бар. Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздардың караинтинді қалай өткізіп жатқанына жазған болатынбыз.

Медеу Арынбев қауіпті дерттен айыққанын қуана жеткізді
"Mysterions" тобындағы әнші екінші мәрте әке атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу