Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы тест тапсырды

Oinet.kz 26-05-2020

Қазақстандық белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екінші рет коронавирусқа ПТР-тестін тапсырып жатыр. Журналист өзі жұмыс істейтін ғимараттан COVID-19 жұқтырған адамдар анықталғандығын жеткізді. Ол қауіпті инфекцияға тексерілуге өзімен бірге ұлдарын да алып барған, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қатысты тесті тапсыруына екі түрлі себеп болғанын алға тартты. Бұл туралы тележүргізуші Instagram парақшасында жазды. Оның үстіне БАҚ өкілі алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, үй жинауды қалай үйренгінін ашып айтты. 

- "Бүгін екінші рет ПЦР тест тапсырдық. Оған 2 себеп болды.Біріншісі, "Қазмедиада" ауырғандар бар дегені. Екіншісі, әкеміз медицина саласында қызмет еткендіктен болар, мұндайға келгенде қатал, тазалыққа келгенде тіпті «бүжәй». Алғаш келін боп түскенім есіме түсіп отыр. Аптасына 2 рет үй жинап үйренген мен көзге көрініп, шаң болмаса үй таза ғой деп ойлайтынмын. Содан бір күні шаңның кесірінен «аллергия» басталды. Бірден тазалыққа қатты мән беретін әулет екенін түсіндірді. Содан бері міне, 15 жылдың ішінде люстра/кондиционер/батарейканың ішіндегі шаңға дейін күнде сүртілетін болды. Күніне 2 рет еден жуу мен пылесосты айтпағанда. Карантин кезінде ауа тазалауды да үйрендік. Ол да бір жатқан ғылым екен. Кварцтан бөлек, бөлменің ылғал % көрсеткіші дегенге дейін білдік. Өзің білген/ үйренген жақсы ғой, әйел болған соң аса қиын да емес. Дегенмен, тазалыққа балаларды үйрету екі есе қиын. Ұлдар емес пе, терлейді, басын жуған шампуньмен өтірік денесін жуа салып, қолын суға тигізе салады дегендей. Қазір иіскейтінді шығардым. Тақырыптан ауытқып кетіппін ғой. Тест тапсырдық. Аллаға шүкір. Бәрі жақсы шықты", - деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, бұған дейін журналист Мақсат Толықбай да коронавирусқа тест тапсырған болатын. Ол да жұқтыру деректері анықталған "Казмедиа орталығында" жұмыс істейді. 

Алтынай Жорабаева: Қыздарым өз әкелерінен көрмеген махаббатты қазіргі жолдасымнан көрді
Нұрлан Еспановтың баласы мінсіз әйел болудың 10 жолын айтты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×