Сәдуақасова ұлының туған күнін ерекше атап өтті

Oinet.kz 18-06-2020 1726

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантинге қарамастан жалғыз ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өтті. Әнші алты жасқа толған баласына естен кетпес тосын сый жасап, үйін шарлармен безендіріп қойған деп жазады Oinet.kz тілшісі

image.png

Мадина Сәдуақасова перзентінің туған күнін жылда ауқымды түрде дүркіретіп өткізіп келді. Алайда, осы жылы елімізде орын алған қиын жағдайға орай, Әнуардың алты жасын тек санаулы жандармен өткізуге мәжбүр болған. Ерлі-зайыптылар ұлының туған күнінде оның көңілін барынша көтеруге тырысып, түрлі түсті шарлар алдыртқан. Олар үйлерін нағыз ертегідей сияқты безендіріп, баласына ерекше әсер қалдырды. Сәдуақасова ұлын Instagram желісінде де құттықтауды ұмытпаған. Өнер иесі оған деген жүрекжарды тілегін арнап, суретімен бөліскен. 

"Біздің құлынымыз 6 -ға келді! Аллаға шүкір! Балабақшаны бітіріп, енді мектепке дайындалады ! Құтты болсын туған күнің, жаным! Өзің ақ жарқын, мейірімді , арманшыл болып өсіп келесің, өз жасыңа лайық ақылың бар, үнемі күлімдеп , жан жағыңа нұр шашып жүрген баласың, осындай болып қала бер, болашағың жарқын болсын, ең бастысы, денің сау болсын, аман бол, армандарыңа жете бер" , - деп жазды ол. 

Димаштың әнін тыңдаған латвиялықтар жаппай қазақ тілін үйренуде
Баян Мақсатқызы жаңа видеосымен желіні шулатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу