Жүрсін Ерман: «Өзі көп те емеспіз»

Oinet.kz 13-07-2020 1411

Ақын, "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер" одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман халықты осындай сәтте бекем болуға шақырды.

image.png

Жалпыұлттық аза тұту күнінде осы бір індеттің құрбаны болған жандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сабыр сақтаңыздар, қазақта: "Күн жаманы кетер" дейді ғой. Болған іске болаттай бекем болайық. Осындай кезде ұйымшылдық танытпасақ, отпанға түсіп кетуіміз оп-оңай. Өзі көп те емеспіз. Аз халықтың басына түскен індет елдің еңсесін түсіріп тұрған кезде бәріміз бір кісідей жұмылып, тәубеге келейік. Дұға тілеп, жақсылыққа жориық, - дейді Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесінің үшінші әйелінен туған ұлы туралы айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынаған жұртқа жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу