Асхат Тарғын әйеліне перзентханадан шығарда ерекше тосын сый жасады

Oinet.kz 13-08-2020 1821

Отандық танымал әнші Асхат Тарғын келіншегі мен жаңа туған қызын перзентханадан шығарып, үйіне алып қайтты. Өнер иесінің жары оған екінші перзентті сыйлаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы  Асхат Тарғын өзінің Instagram парақшасында көрсетті. Әнші қуанышты шара кезінен арнайы фото мен видео жариялап, көпшілікті бір қуантып қойды. Ол келіншегіне қызыл раушан гүлдерін ұлымен бірге тарту етті. Қызды болған шоу-бизнес жұлдызы өзіне құттықтауларды жаудырып жатқан барша оқырмандарына алғыс білдірген. 

"Құрметті парақшамдағы оқырмандарым! Неше күннен бері толассыз келіп жатқан құттықтауларыңызға көп-көп рахмет! Тел шалып құттықтағандар да көп болды. Баршаңызға Алла разы болсын. Шыныменде маған тілекші адамдардың көп екеніне қуандым. Аллаға шүкір мен бақытты әкемін. Барлықтарыңыздың шаңырақтарыңа ұл-қыз келе берсін. Алғысым шекісіз сіздерге" , - деп ағынан жарылды Асхат Тарғын. 

Еске сала кетейік, бұл өнер иесі үшін үшінші перзент болды. Оның алғашқы некесінен бір қызы болса, қазіргі жанұясында дүние есігін енді ашқан сәбиден басқа үлкен ұлы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті парақшамдағы оқырмандарым! Неше күннен бері толассыз келіп жатқан құттықтауларыңызға көп-көп рахмет! Тел шалып құттықтағандар да көп болды. Баршаңызға Алла разы болсын. Шыныменде маған тілекші адамдардың көп екеніне қуандым

Төреғали Төреәлі әкесі туралы айтып, жан сырын ақтарды
Сәбит Әбдіхалықов жантебірентерлік жазбасымен бөлісті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу