«Жол апатынан қаза тапты»: Мөлдір Әуелбекованың көз жұмғаны туралы хабар тарады

Oinet.kz 25-08-2022 3737

Желіде отандық әнші Мөлдір Әуелбекованың көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Алайда, өнер иесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай пасық әрекеттің не мақсатта жасалғанын түсінбей дал, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_42.jpg

Мөлдір Әуелбекова әлдекімдер таратқан қаралы хабарға пікір білдіріп, Instagram желісі арқылы жанкүйерлерімен байланысқа шықты. Әртіс өзі үшін алаңдаған қалың көпшілікке үндеу жасап, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Белгілі болғандай, әлдекімдер Youtube желісінде арнайы видео жариялап, әншінің жол апатынан "қаза тапқанын" жазған.

"Бүгін күні бойы маған алаңдап хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір тірімін. Осындай жалған ақпарат таратқан адамға дауа жоқ", - деп жазды әнші. 

Әннің сөздерінде есірткіні насихаттаған қазақстандық әншілер жауапқа тартылады
«Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін»: Дариға Бадықова табыс көзін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу