«Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін»: Дариға Бадықова табыс көзін айтты

Oinet.kz 26-08-2022 1196

Отандық актриса Дариға Бадықова әріптесі, "Келінжан" сериялындағы жұбы Рүстем Жаныаманов пен бірге той бизнесте ән шырқап жүр. Ол тойға шығу бизнесі кеше бүгін басталмағанын айтады. Мектеп кезінен-ақ тойларда ән салып, ақша тапқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Актриса мектеп кезінде 200 теңгеге ән салған кезін еске алды.

"Жастайыңнан тойға шықсаң, төселіп те кетеді екенсің. 1996-1997 жылдары 200 теңгеге ән айтатынмын. Кететін кезде той иелерінен бауырсақ, кәмпит салып беріңізші деп сұрайтынмын. Одан 2000 жылдары 500 теңгеге көтердік. Ауыл-аймақтың тойларынан қалмайтынмын",- дейді Дариға Бадықова.

Ол бұл кәсібін студент кезде де жалғастырған. 

"Мектеп бітірген соң, қалаға келіп 5000 теңгеге шығатын болдым. Жазғы демалыстарда ауылдарды аралап концерт өткізіп, киім-кешекке ақша табатынмын. 

Концерттен 17-18 мың табатынмын. Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін", - деді Бадықова. 

Ал қазіргі қаламақысын актриса жасырып қалды.

«Жол апатынан қаза тапты»: Мөлдір Әуелбекованың көз жұмғаны туралы хабар тарады
Мақпал Исабекова «көкек аналарға» және олардың жақындарына ақыл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу