«Мен әсер еткен жоқпын»: Кәмшат Жолдыбаеваның образы туралы күйеуі мәлімдеме жасады

Oinet.kz 26-02-2024 538

Танымал актер Ғазірет Қажымұқанұлы әйелі Кәмшат Жолдыбаевамен қалай танысқанын айтты. Ол туралы актер Ревю бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Рауза", "Таиландтағы демалыс", "Жарық" атты танымал фильмдердің басты рөлдерін сомдаған актер Ғазірет Қажымұқанұлы әйелі Кәмшат Жолдыбаевамен қарым-қатынасы кинода басталғанын жеткізді.

"Үйлену туралы ақпарат растауды қажет етпейтін шығар. Өйткені отбасын құрдық деген хабар барлық жерде тарады. Махаббатымыз сериалдың түсірілімі кезінде басталды",- деді актер. 

Сондай-ақ, актер Кәмшат Жолдыбаеваның сыртқы образына ешқандай қатысы жоқ екенін жеткізді. 

"Мен отбасы құрылғаннан бері іштей өзгерген шығармын. Бірақ Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне мен әсер еткен жоқпын. Оған осылай киін деп ешқашан айтқан емеспін. Барлық мәселені бірге талқылаймыз. Біз танысқаннан бергі екі жыл ішінде психологияны көп оқыдық, меңгердік", – деді Ғазірет Қажымұқанұлы.

Жұлдыз Әбдікәрімова хиджаб киген бе?
«Төсек арқылы, таныс арқылы»: Танымал актриса өміріндегі ең үлкен қателікті айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу