«Төсек арқылы, таныс арқылы»: Танымал актриса өміріндегі ең үлкен қателікті айтты

Oinet.kz 26-02-2024 1501

Танымал актриса, "Брат или Брак", "Тойхана", "Вакцина" фильмдерінің продюсері Құралай Анарбекова "Ақтөбе аруы" атанған кезін өміріндегі ең үлкен қателікке балады. Артынан ерген қаңқу сөздер туралы ол "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды OInet.kz тілшісі. 

Screenshot_7.jpg

"Ол кезде жасым 16-да. Не үшін барамын деп аса ойланатын жаста емеспін. Жастық максимализм, амбиция, өзіңді сұлу сезінесің...Өзіңді көрсеткің келеді, танымал болғың келеді. Танымал болу үшін бардым деуге де болады. Бірақ, кейіннен байқауға барғаныма өкіндім. Себебі, 16 жасымда бас жүлдені жеңіп, "Ақтөбе аруы" болғаннан кейін, ұтылған қыздар қызғанғаннан через постель, таныс арқылы ұтты деген сияқты әңгімелер айта бастады. Осы сөздер жаныма қатты батты. Маған бұл сөздерді есту өте қиын болды. Байқауға мүлде бармағаным дұрыс еді деп ойладым. Мисс деген атақтың артынан ешқашан да жақсы сөз ермейді. Ол ерген сөздер тоқтап да қалмайды, өмір бойы айтылады. Сол кезде мен көреалмаушылықтың не екенін түсіндім. Мен бұл қателігімді ешқашан қайталамас едім", - дейді Құралай Анарбекова. 

Актриса жұлдыз ауруынан жас кезінде өтіп кеткенін де жасырмады.

"Мен "Мисс Ақтөбе" болмай тұрып "Мисс АПК" болдым. Енді менің сол кезде өзім туралы не ойлайтынымды елестетіп көріңіз. Мен өзімді жұлдыз санап, жұлдыз ауруына шалдықтым. Құдайға шүкір, мен жұлдыз ауруынан сол кезде өтіп кеттім. Қазір танымал қыздарға қарап өзімнің бір кездегі қылықтарым үшін ұяламын. Ол кезеңнен де өту керек, Бір жақсы жері, мен сол кезеңнен уақытылы өттім", - дейді ол. 

«Мен әсер еткен жоқпын»: Кәмшат Жолдыбаеваның образы туралы күйеуі мәлімдеме жасады
«Мен өлгеннен кейін де жалғаса береді»: Жүрсін Ерман өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу