«Періштені де орандырып»: Айдана Меденова қыздары үшін елден оңбай сөз естіді

Oinet.kz 28-10-2024 310

Танымал әнші Айдана Меденова мен күйеуі мектепке бармаған қыздарын тұмшалап ораймын деп, елден оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

Көпшілік олардан қыздарына хиджаб кигізбеуін сұрады.

Айдана Меденова өзінің желідегі парақшасына қызына хиджаб кигізіп, онымен әңгімелесіп отырған видеосын жүктеді. Онда тұңғыш қызының басына бас киім киіп, жабық киінгені анық көрініп тұр.

Сонымен бірге, аталған видеода сақал қойған күйеуі де бар. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қатаң сынға алып, баланы дінге араластырмауын өтініп сұраған.

"Это уже слишком. Зачем ребенку? О, Алла-ай, өзің киіп жүре берсей", "Зачем детей засталять делать ваш выбор? Дайте ей шанс выбрать что она захочет после 18 лет", "Мыналарға не болған түйіншектеліп, оранып? Анау жап-жас байының түрін қара 5 тал сақалы салбырап", "Неге сонша баланың мойнын қысып, қинап кигізіп қойғансыз? Тек өзің киіп жүре бермейсің бе? Бала - бала болып ойнау керек қой. Соншама байлап-матап бұл дұрыс емес. Бала қалауы 18-ден өткесін өзі таңдау керек. Кішкентайынан орамал таққаның, өскенде тақтыра алмай қалам деп қорықтыңыз ба, Айдана ханым?", "Айдана, сіз өзіңіз кішкентай кезіңізден кидіңіз бе? Білеміз ғой "Кешю"-де қандай киім кигендеріңізді", "Тү-у, тәп-тәтті сәбидің неге басын орап тастадыңдар?", "Алла, не боп кетті? Періштені де орандырып", - деп жазды желі қолданушылары. 

«10 жылым бекер кетті»: Мадина Сәдуақасова отбасылық өміріндегі өкінішін айтты
«Соншалықты қымбат емес»: Халық әртісі әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын шешіп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу