«Соншалықты қымбат емес»: Халық әртісі әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын шешіп берді

Oinet.kz 30-10-2024 898

ҚР Халық әртісі, актриса Лидия Кәденова әріптесі, әнші Меруерт Түсіпбаеваға сыйлық жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_8.jpg

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында актриса Лидия Кәденова Халық әртісі атағын алған еді. 

“Су жаңа халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын”, – деді Меруерт Түсіпбаева. 

Одан кейін халық әртісі де батасын беріп, сәт сапар тіледі. 

“Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемеуі керек. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын”, – деді Лидия Кәденова. 

«Періштені де орандырып»: Айдана Меденова қыздары үшін елден оңбай сөз естіді
«Теңіз де мен сияқты шаймайтын шығар?!»: Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу