Гүлзира Айдарбекова: «Тоқал - дайын асқа тік қасып болып келген әйел»

Oinet.kz 06-10-2019 4183

Screenshot_2.jpg

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұxбатында тоқал тақырыбында ой қозғады деп xабарлайды Oinet.kz.

Жүргізуші әншінің анасынан "егер күйеуіңіз тоқалдан туған балаларын сізге көрсетіп жатса қалай қабылдар едіңіз?" деп сұрады. Бұл сұраққа Гүлзира xаным:

- Мен Нұрекеңе (күйеуі Нұртас - автор) үйленген кезде о баста айтқан болатынмын: Сенің әрбір жоқтығыңа да, аштығыңа да, мейлі сен құлап ішіп жатсаң да, жаман айтпай жақсы жоқ, мейлі сен түрмеге түсіп жатсаң да мен әрқашан қасыңдамын. Барлық жамандықта қолдауға дайынмын. Бірақ, менің жүрегімді жылатып, балаларымды жылатып екінші әйел алам десең, мен ол кезде келіспеймін" деп айттым, - деп жауап берді. Продюсер балаларына әрқашан тек бір әйелмен ғана өмір сүруді айтып жүретінін де жеткізді.  

- Мен бұл жөнінде балаларыма әрқашан айтып жүремін. "Сендер тоқал алғанша мені тірідей жерге көме салыңдар" деймін. Маған ол ұнамайды. Өйткені, қаншама адамның көз жасын көріп жатырмын. Біреулердің көңіліне тиіп кетер, тоқал деген - біреудің дүниесіне ие болу үшін, сен іргетасынан бастап қалаған, бәрін жайғастырғаннан кейін дайын асқа тік қасық болып келе салған әйел деп ойлаймын. Енді біреулер болады, өмір бойы жалғыз қалмайын деп шын ниетпен тұрмысқа шығатындар болады. Ал енді біреулер тоқал болып жарқырап жүргендерге еліктеп, солар секілді есеппен тоқал болғысы келетіндер көбейіп кетті, - деп сөзін түйіндеді Гүлзира Айдарбекова. 

Дәурен Айдарқұлов: «Арамызда махаббат болмады деп бірінші әйелімді ренжіткім келмейді»
Гүлзира Айдарбекова ұзату тойға шыққанына 2000 доллар гонорар алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу