Әйел құқығын таптатып Аллаһ қайда қарап отыр?

Oinet.kz 25-09-2022 1971

"Мен дәрігермін, сондықтан өлімнен тіптен қорықпаймын. Өлім - бұл жай ғана қас-қағым сәт, басқа ештеңесі жоқ. Зорлықпен бүркеген жамылғыларыңа оранғанша, қасқайып өлімді құшақ жая қабылдауға дайынмын. Менің кешірім сұрап, жалынуымды күткендерге айтарым: Әйел теңдігі үшін жарты ғасырға жуық күресімді тәрк етіп, алдарыңда бас иеді, деп мүлдем ойламаңдар. Сендердің ойлап тапқан бүркеніштеріңе оранып, өткен ғасырға оралар жайым жоқ!"

Screenshot_10.jpg

Бұл Иран мемлекетінің әйгілі білім министрі Фаррухру Парсаның соңғы хаты болатын, хат кейін балаларына табысталды.

Фаррухру Парса - Иран мемлекетінде 1922 жылы дүниеге келді. Жоғарғы медициналық білім алды, жоғарғы оқу орындарында ұстаздық етті. Ол заманда Иран әйелдері медресселерде арабша сауатын ашқаны болмаса, ЖОО оқымайтын еді.

Фаррухру Парса ұзақ уақыт бойы Иран королі Шах Мохаммед Резе Пехлевиге Иран әйелдеріне "дауыс беру құқығын" сұрап хат жазумен болады.

1963 жылы Фаррухру Парса Иран Парламментіне сайланды және Заң шығарушы органда жүргеннің өзінде бір айылын жимады. Сол жылы Фаррухру Парсаның арқасында Иран әйелдері "дауыс беру құқығына" ие болды.

1965 жылы Фаррухру Парса Иран елінің білім министірінің орынбасары, ал 1968 жылы Білім министрі болды. Иран әйелдерінен шыққан бірінші министр.

1979 жылы Иранда Ислам төңкерісі болып, алға жылжып келе жатқан әйел құқығы тағы кейін кетті. Билікке келген исламшылар Фаррухру Парсаны тұтқындап, одан жария түрде чадра киюді және Аллаһтың билігін мойындауды сұрады.

Фаррухру Парса: 

- Сендердің ойдан шығарған бүркеншіктеріңді жамылмаймын (Құранда әйел бүркену керек деген бірде бір аят жоқ) және әйел құқығын таптатып Аллаһ қайда қарап отыр?,- деп жауап берді.

1980 жылы 8 мамырда қайсар әйелді "шайтанның жердегі өкілі, әрі кәпір" деген жаламен атып тастады.

Қазіргі күнде де Иран билігі Фаррухру Парсаны ақтаған жоқ. Бірақ оның бейнесі әрбір иран әйелінің жүрегінде сақтаулы. Оның бастаған ісі өлмек емес, қазіргі күндері Иран әйелдері өздерінің құқығын талап етіп, ауық-ауық алаңға шығып қояды.

Бір қызығы Иран революциясының белсенді қайраткерлері Мохаммед Бехести, Мохаммед-Джавад Бахонар және Мохаммед-Али Реджайи кезінде осы Фаррухру Парса Білім министрі боп тұрған уақытта бөлген ақша есебінен Иран университеттерінде білім алған. Фаррухру Парса Гамбургте Ислам мектебін және Тегеранда бірнеше рухани мектебін ашуға қаражат бөлді. Сол мектептерде жоғардағы Ислам революциясының көсемдері оқыды.

Тағдырды қойсаңшы.

Иранның жағдайы жоқ балалары білім алсын деп мектеп ашып, университетте оқуға мүмкіндік жасаған адамды, сол мектеп пен универде білім алған исламшылар ату жазасына кесті.

Жақсылыққа жамандық дей ме бұны?!

Фаррухру Парсаның асқақ рухы бүкіл әлем әйелдеріне үлгі. Алдынан жарылқасын!

Әйелдеріңізді құрметтеңіздер, олар - сіздердің балаларыңыздың Анасы. Әйелін сыйламаған еркектің балалары ынжық, қатыгез әрі қорқақ болады. Отбасылық тепе-теңдік, әке-шешесінің үйлесімді гормониясында өскен баланың шығар асуы биік.

Тәрбие деген сол.

Саясат Қазбек facebook парақшасынан

Мені ақын қыздардың тағдыры алаңдатады
Бізді мұнда өлім ғана күтіп тұрғандай сезіледі - Сүндет Сейітов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу