Кәсіпкер маска тігіп, оны тегін таратуда

Oinet.kz 26-03-2020 1629

5e743f82666a6.jpg

Түркістан облысында жеке кәсіпкерлер маска тігуді қолға алып отыр. Төтенше жағдай кезінде масканы халыққа тегін таратып, елдің алғысын алып жүргендер де көп. 

Мәселен, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауыл округіндегі ісмерлік тігін тігіп, нәпақасын тауып отырған, Жәмила Қанапина бір күнде 300 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиындық тудырып отыр. Бағасыда шарықтап барады. Ел басына осындай қиын іс түскенде, халықпен бірге болып, қолымнан келетін кәсібімді пайдалы іске жұмсауды, көпшілікке жәрдемдесуді мақсат еттім. Енді мата жеткізіліп берілсе, тегін тігіп халыққа таратсам деймін», – деді Жәмила Айдарбекқызы.

Аудандық төтенше жағдай жөніндегі штаб төрағасының орынбасары Бағдат Айдарбеков осындай қиын сәтте, қайырымды іс жасап отырғанЖәмила Айдарбекқызына алғысын білдірді. Ауыл әкімі Батырхан Аяповға ауыл тұрғындарын кәсіпкерлерді ұйымдастырып, матамен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды тапсырды.

«Бұл бір рет қана пайдаланатын бетперде емес. Жуып, қайта бірнеше рет пайдалануға болады», – деді Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Талғат Әлішерұлы.


«GOLDEN NOMAD» күніне 30 маска тігеді
Ірі супермаркеттерге төмен пайызбен несие беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу