Келестіктер де өз үлестерін қосуда

Oinet.kz 30-03-2020

91217050_538373910423650_4432805294883471360_n.jpg

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «BizBirgemiz» Қоғамдық қорына өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр.

Түркістан облыстық мәслихатына Келестен сайланған депутат, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жаңабай Ағабеков те өз үлесін қосып, аталған қорға 1 миллион теңге көлемінде қаржы аударды.

Ал, ауданның Жүзімдік ауылдық округіндегі №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы короновирусқа қарсы қорғану мақсатында бетперделер тігіп, ауылдағы тұрмыс деңгейі төмен, көп балалы отбасылыларға көмек ретінде тегін таратуда.

Аудандағы жергілікті кәсіпкер Нұржан Умаров өзінің жұмыс цехына арнайы тігін машиналарын сатып алып, бетперде тігіп ауыл тұрғындарына үлестіруде. Нұржан Умаров: "Күніне 500-600 ге жуық бетперде тігудеміз, оның 300 ге жуығын базарларға шығып ауыл тұрғындарына тегін таратудамыз"-дейді. Жалпы жеке кәсіпкердің цехында 16 тігін машинасы жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда қиындық тудырып отқан мәселе шикізат мәселесі.Осыдан 2 ай бұрын келген материалдардан тағы 20-30 мың бетперде тігуге жетеді екен.


Түркістанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Оқшаулау орындары дайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу