Түркістан облысында құрылыс тоқтамайды

Oinet.kz 10-04-2020 1104

туркур.jpeg

Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарында бүгінге дейін ешқандай кемшіліктер орын алған жоқ. Сондықтан құрылыс нысандарындағы жұмыстар жалғаса береді. Тек жұмысшылар тиісті барлық сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып шыққан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді. 

– Төтенше жағдайға байланысты облыстың Бас санитар дәрігері қосымша шектеулер белгіледі. Алайда, бұл құрылыс жұмыстарына ешқандай кедергі келтірмейді. Барлық жұмысшыларға іс барысында тиісті сақтық шараларын қатаң түрде сақтап жүру туралы талап қойылып отыр. Бүгінге дейін ешқандай кемшіліктер орын алған жоқ. Барлығы қалыпты жағдайда, – деді Қ.Қайыртайұлы.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары қазіргі таңда бірқатар құрылыс материалдары Шымкент қаласынан әкелетіндіктен аздаған қиындықтар туындағанын айтады. Дегенмен, екі жақты келісімнің арқасында бұл мәселе де оң шешімін тапқан. Бүгінде Түркістан қаласындағы 35 нысанында 3261 құрылысшы бір ауысымда жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.



Түркістанда еріктілер елге көмектесуде
Мемлекеттік мекемелер цифрландыру бағдарламасы аясында қашықтықтан қызмет көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу