Бағаны өсіргендер жауапқа тартылады

Oinet.kz 16-04-2020 640

Screenshot_5.png

Төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз өсіргендер жауапқа тартылады. Жетісай аудандық әкімдігі аудан аумағындағы кәсіпкерлерге осындай ескерту жасады. 

-Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қазіргі таңда облысымыздың барлық аудандарында әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларының тым жоғары, Үкіметпен белгіленген шекті мәнінен асуы фактісі анықталуда.

Осыған байланысты, 11.04.2020 жылдан бастап жергілікті атқарушы орган (әкімдік және оның бөлімдері) азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды көтерме, бөлешек саудада сататын кәсіпкерлік субъектілеріне қызметтік тексеруге шығып, сатылымға қойған тауардың (әлеуметтік маңызы бар тауар) бағасы, оның Үкіметпен бекітілген шекті мәнінен асырған анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 202, 204-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын бастайды.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта келеңсіз жағдайлардың орын алуын алдын-алу мақсатында, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың оның шектік мәнінен асырмауды сұрайды,-делінген аудан әкімдігінң кәсіпкерлерге арнаған ескертуінде.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 202 және 204 баптары:

202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру

1. Ішкі сауда субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Мақсатымыз-қол ұшын созу
Ұстаздар үлгі боларлық іс жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу