Әлеуметтік дүкен ашылды

Oinet.kz 17-04-2020 602

Screenshot_2.png

Аз қамтылған отбасыларды қолдау және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында Келес ауданы орталығы Абай ауылындағы «ӘУЕС» ЖШС-інің базары маңынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып, 1 қап ұн бағасы 6500 теңгеден, 1 келі картоп 80 теңгеден және пияз 95 теңгеден сатылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Игі іс «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылуда. Төтенше жағдайға байланысты қолға алынған республикалық «BIZBIRGEMIZ»акциясы жергілікті кәсіпкерлер тарапынан халыққа көмек көрсетуде де қолдау тапты.

«ӘУЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен ауданда аз қамтылған аса мұқтаж 75 отбасына 1 қап ұннан беріліп, 1000 дана тегін бетперделер таратылды.

Айта кету керек, елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, «BizBirgemiz» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының үйлесімді жұмысының арқасында демеушілердің есебінен аудандағы 300-ден астам көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік, ұн және 6000-нан астам тегін бетперделер үлестіріліп, қайырымдылық көмек көрсетілген.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.


Науқастар оқшауланып, тиісті ем қабылдауда
Төтенше жағдай кезінде ауызашар өткізілмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу