Түлектер ұбт-ға онлайн режимде дайындалады

Oinet.kz 06-05-2020 645

 image.png

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектері ұлттық бырыңғай тестілеу сынағына үйден шықпай онлайн режимде дайындалады. Қазіргі таңда осыған байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Ontustik» телеарнасы және адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе қолға алған жаңа жоба 6 сәуірден бастап іске қосылған  болатын. Онлайн сабақта өңірдің ең үздік ұстаздары дәріс оқиды.

Әрбір сабақтың ұзақтығы 20-30 минутты қамтиды. Осы уақыт аралығында онлайн оқу бағдарламасына сәйкес ұстаздар 2-3 тапсырманы түсіндіріп өтеді. Күн сайын екі пән бойынша дәріс беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, онлайын сабақтар 11 сыныптың оқу бағдарламасына негізделген.

Бүгінгі күні елдегі төтенше жағдайға орай Түркістан облысында қашықтықтан білім беру процесі «Балапан», «Еларна», «Оңтүстік» телеарналары, «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ-ның көмегі арқылы жүзеге асырылуда.  

Білім және ғылым министрлігінің дайындаған видео сабақтарын жергілікті телеканалдар да оқушыларға тиімді уақыттарда көрсетілімдер ұсынуда. Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ шалғай елдімекендердегі 320-дан астам оқушы «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ көмегін пайдаланып жатыр.

Ұстаздар қосымша аптасына бір рет оқушыларға «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінің көмегімен тапсырмаларын арқылы беріп отырады. Алайда, ғаламторға қосылуға мүмкіндігі бар қалалық мектептердегі 57 421 оқушы қосымша ретінде «Bilimland», «Daryn online», Күнделік.КЗ, оқытуға арналған порталдарды пайдалана алады. 

Түркістандық кәсіпкер 2 млн. теңгенің ет өнімдерін елге таратты
Қияр мен қызанақ тегін таратылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу