Түрлі түсті құрт жасауда

Oinet.kz 18-05-2020 747

 image.png

Мемлекет тарапынан бүгінде кәсіпкерлерді қолдау ісі кең көлемде жүзеге асып жатыр. Әсіресе, экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты – шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасынан бөлек, басқа да салалық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдаулар жүзеге асуда.

Бәйдібек ауданының жас кәсіпкері Назерке Әскердің жасап жатқан жұмысы бүгінде жұмыссыз жастарға үлгі. Ол аудандық кәсіпкерлік палатасына жас кәсіпкер ретінде тіркелген.

Назерке «Бастау-бизнес» жобасы бойынша арнайы курстан өтіп, сертификат алғандардың бірі. Бизнес жоспар құрып, оны арнайы комиссияда қорғап, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млн қайтарымсыз несие алған. Кәсібін 2019 жылы ашқан Назерке құрт өңдейтін және дөңгелек пішінде жасайтын аппараттар мен салқындатқыш құрылғы сатып алған. 

Қазіргі таңда ешқандай химиялық қоспасыз таза табиғи түрлі-түсті құрттың 10 түрін жасауда. Ащы, тұзды, кептірілген жемістерден, қан көбейтуге арналған яғни қызылшадан, мейізден, қан қысымы жоғары адамдарға жалбыздан, асқазанға пайдалы райхан гүлінен, сәбіз сығындысынан, кептірілген өріктен араластырып дайындалған түрлі түсті құрттарды арнайы тапсырыспен сатуда.

Жас кәсіпкердің жасаған құрттарына да сұраныс жоғары. Тіпті арнайы тапсырыспен алдыратындар да көп.

Ауылда шаруашылығымен айналысушылар көбеюде
Жоспарлар артығымен орындалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу