Орамжапырақ экспортқа шығарылды

Oinet.kz 18-05-2020 597

 image.png

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының мүмкіншілігін толық пайдалануға күш салынуда. Осыған орай, 2030 жылға қарай агросектордағы өндірісті 4,5 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ,  карантин тұсында өндірілген өнімді шет елге экспорттау жайына да көп көңіл бөлінуде.

Түркістандық шаруалардың бірі Хусейн Бабуров күніне 40-60 тонна орамжапырақ өнімін экспортқа жіберуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып Беларусь еліне жетеді деп жоспарланған.

Бүгінде ауылшаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері шекарадан еш кедергісіз өтуде. Блокбекеттерде олардың тек дене қызуын тексереді. Айта кетейік, бұған дейін түркістандық шаруалар орамжапырақты экспортқа шығаруға байланысты түрлі кедергілерге тап болып жатқанын айтқан болатын. Дайын өнімдері егін алқабында шіріп жатқан олар осы мәселеге орай жергілікті биліктен көмек сұраған. Бұл мәселені облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев те Үкіметтің кезекті отырысында көтергені белгілі.

Бүгінде Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға қатысты кедергілер мен тосқауылдар алынып тасталды. Жалпы өңірдің диқандары 500 тонна орамжапырақты Беларуське сату бойынша келісім жасап, алғашқы 200 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шығып кетті.

Мал шаруашылығы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жандануда
Катко көмек бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу