Қаңтарда егілген қырыққабаттар экспортқа шығарылуда

Oinet.kz 18-05-2020

 image.png

Қаңтар айының қақ ортасында қырыққабат еккен мақтаралдық диқандар қазіргі кезде өнімдерін жинап жатыр. Өткен жылы дақылдың осы түрінен мол табыс түскендіктен, биыл диқандар жаппай қырыққабат егуге кіріскен. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков биыл 78 шаруа қожалығының 343 гектар алқапқа қырыққабат еккенін айтады. Жоспар бойынша 15 мың тоннаға жуық өнім алу күтілуде. «Бір жылда екі рет өнім алатын бұл шаруалар қырыққабатты жинап алған соң маш, жүгері, кейбіреуі қауын егеді» дейді бөлім басшысы.

Әу баста мақта шаруашылығын кәсіп еткен Ділдәбековтер әулеті көкөніс өсіруді соңғы жылдары қолға алыпты. Көршілес Өзбекстан Республикасынан арнайы диқан шақыртып, біраз дәнді дақыл түрін егуді үйренген. Осылайша егістік жер көлемін де ұлғайтқан. Бүгінгі таңда қырыққабаттан бөлек, қауын, жүгері және мақта өсіруді де қатар алып жүр. Нәпақасын жерден айырған шаруа биыл қырыққабатты толық жинап алған соң орнына жүгері немесе кеш пісетін қауын егуді жоспарлап отыр. Осылайша бір жылда екі рет өнім алып, табыс көзін ұлғайтады. Табыс ағайынды Ділдәбековтерге теңдей бөлінеді.

Жалпы, ерте пісетін өнім түріне ресейліктер тарапынан сұраныс көп. «Былтыр өнімнің осы түрінен табыс мол түскен соң биыл шаруалар жаппай қырыққабат егуге ден қойды. Мәселен, өткен жылы 2-3 гектарға қырыққабат еккендер биыл 5-10, тіпті 20 гектарға дейін қырыққабат отырғызды. Гектарынан 40 тоннаға жуық өнім алынады. Ауданда егілген қырыққабаттың көптігі сонша, бүкіл Ресей, одан ары Белоруссия мен Украинаны да осы дақылмен қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Ал, қазақстандықтар көкөністің бұл түрін көп тұтына бермейді» дейді ол. Өткен жылы 200 тонна өнім жинаған шаруа келісін 200-230 теңгеден сатыпты. Биыл баға 80-90 теңгенің көлемінде болып тұр екен.

Озық технолониямен үш рет өнім алынбақ
Теріскей мен Түркістан түйе шаруашылығын бірлесе дамытады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×