Мақтаралда медициналық-фармацевтикалық заттар өндірілмек

Oinet.kz 18-05-2020

 image.png

Мемлекет басшысының Жоладуында өңірлерде өндірісті дамыту ісі индустрияландыру аясында  жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс екендігін айтып өткен болатын. Бүгінде бұл бағытта Түркістан облысында көптеген жұмыстар жүзеге асып жатыр. .

 «Asi Metall Grup LTD»-тің темірді қайта өңдеу өндірісі зауытының жұмыс істейді. Кәсіпкер Сатар Абдулдың жобасы жылына 3 мың тонна темірді қайта өңдей алады. 100 миллион теңгенің құнын құрайтын зауыт 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

Аудандағы «GREEN CROOS ECO» ЖШС-нің медициналық-фармацевтикалық заттар өндірісі, «Мегагорстрой» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы және «Бақтияров» ЖК-нің автопаркинг қызметі де жұмысы жолға қойылып келеді

«GREEN CROOS ECO» ЖШС-нің медициналық-фармацевтикалық заттар өндірісі жобасына Нурмахан Таласов басшылық етеді. 2019-2021 жыл аралығында іске асырылатын жоба жылына 10 мың дана өнім шығара алады. Құны 300 миллион теңгені құрайтын өндіріс орны іске қосылғаннан соң 35 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын болады.

Мақтаарал ауданының логистикалық орталығында жүзеге асып жатқан тағы бір жоба – “Бақтияров” ЖК-ның авто тұрақжайы, қонақ үй және қызмет көрсету орталығы. Жобаға 250 миллион теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, 25 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Мақтаралда асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді
Көкөніс сақтау қоймасында 1000 адам жұмыспен қамтылмақ

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×