Жетісайлық шаруалар зәйтүн егуде

Oinet.kz 25-05-2020 550

image.png

Мемлекет басшысы ел халқына жолдаған жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру бойынша айтып өткен болатын. Бүгінде Түркістан облысының шаруалары бұл бағытта тың жобаларды қолға алып отыр.

Жетісайда Зәйтүн ағаштары жайқалып өсіп тұр. Бұлардың көшеттері 2017-жылы Өзбекстанның Қоқан ауданынан алып келінген. 

Топырақтың құрамына қарай бір гектар алқапқа 190 – 300 түп зәйтүн көшеті отырғызылады. Өзбек елінен әр данасы 2600 теңгеден сатып алынған жаңа шаруашылықтың өнім көлемі де жылма-жыл артып отырады.

3 жылда өнім беріп бастайтын көшеттен алғашқы жылдары 2 келі көлемінде болса, 4 жылы 40 келі, 5-6 жылдары 80 келіге дейін таза өнім алуға болады екен.

«Зәйтүн Қазақстан бойынша алғаш осы Жетісай ауданында қолға алынып отыр. Себебі, бұл өңірдің табиғаты зәйтүн шаруашылығына өте қолайлы. Жазы ыстық, қысы қысқа. Алдағы уақытта біздің Алматы Ұлттық Аграрлық Университетінің ғалымдары аудан шаруаларымен біргелікте зәйтүнді күтіп-баптау ісінде әріптестік орнатамыз. Мұнан да басқа өнімді өткізу мәселесі бойынша да шағын өңдеу цехын салуды жоспарлап отырмыз»,-дейді Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің профессор-ғалымы Серік Кененбаев.


Жаңа саябақтар туристерге тамаша көңіл күй сыйлайды
Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу