Арыста кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді

Oinet.kz 03-06-2020 591

image.png

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықтың тұрмысын жақсартуда тиімділігін, бүгінгі таңда атқарылып отырғандығын оңды шаралар айқын аңғартты. Осы мемлекеттік бағдарламаның аясында өз кәсібін ашуға талпынғандарға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілуде.

Бағдарлама бағыты аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант өткен жылы қарқынды жүргізілді. Өз кәсібін ашуға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер ұсынылды. Мұндай мүмкіндіктер қысқа мерзімді кәсіптік оқу, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру арқылы жүргізіліді.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауды сәтті пайдаланған адамдардың бірі Малика Бакирова (3 топтағы мүгедек) Арыс қаласының тұрғыны. 2019 жылы бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде «Кондитер» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп, кондитерлік өнімдер және торттар пісіру мақсатында, бизнес жоба жасап, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.
Алған қаражатына қажетті құрал жабдықтарын алып, кондитерлік және торт өнімдеріне тапсырыс алып өз кәсіпкерлігін дөңгелетуде.

Мемлекеттік гранттар бағдарламаға қатысушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, керекті еңбек құралдарын, техникалық жабдықтарды, мал мен құс сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.


Шардаралықтар «еңбек» бағдарламасының шарапатын көріп отыр
Түркістанға келген туристер таң қалатын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу