Көктемгі дала жұмыстарына 4,5 млрд.тг. несие бөлініп, 1137 жоба мақұлданды.

Oinet.kz 03-06-2020 611

image.png

Бүгінде Түркістан облысында егін шаруалар көктемгі егістік науқанын сәтті аяқтауға жақындады.  Мемлекеттік қолдаудың аясында, заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбек өнімділігін арттыруда.

 Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында егістік жердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Ағымдағы жылы 31,6 мың га парға айдалса, ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға орналастырылады.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен алыстырғанда 3,2 мың га артып, 122,0 мың га, мал азықтықдақылдар 11,6 мың га артып, 213,0 мың га орналастырылса, масақты дақылдар өткен жылмен салыстырғанда - 4,8 мың га қысқартылып 226,9 мың га, мақта дақылы 12,7 мың га қысқартылып 118,0 мың га орналастырылады. Майлы дақылдар көлемі өткен жылдың деңгейінде 91,4 мың га егіледі.

Бүгінгі күнге, жоспарланған егістіктің  755,6 мың га егіліп, көктемгі дала жұмыстары 92,0% аяқталды.

Егістік тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Қажетті жанармай, минералды тыңайтқыш мерзіміне сәйкес босатылуда. Көктемгі дала жұмыстарына 4,5 млрд.тг. несие бөлініп, 1137 жоба мақұлданды.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты зерттеп, талдап, нақты нәтиже беретін негізгі бағытта дамыту қолға алынды.

Түркістанға келген туристер таң қалатын болады
Ағын суды 2 есеге үнемделіп, өнімділікті 3-4 есеге артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу