Еңбек бағдарламасымен егін егуде
Маусым айының алғашқы он күндігінде, жаңбырлатып суғару арқылы егілген 300 га күздік бидай орылып, екінші өнімді егуге кіріседі.
Дайындалған жем шөп қоры, итальяндық технологиямен «1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын»; австралиялық технологиямен «10,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын»; «жылына 20 мың тонна құс етін өндіру» және «Ордабасы-құс» ЖШС-нің «Жылына 8 100 тонна күрке тауық етін өндіру» жобаларын азықпен қамтамасыз етуге бағытталады, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2,5 есеге артатын болады.
Бұдан бөлек, Арыс қаласында 4,4 мың га жаңбырлатып суғару қондырғысын енгізу үшін «Lindsey» компаниясымен келісім шарт түзілген.
Алынған өнім аммерикалық технологиямен салынатын «20,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын» жем-шөппен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру.
10 соттық жерге тамшылатып суғару мен агротехникалық шығындарын қоса есептегенде 462,0 мың теңге шығын жұмсап, жалпы 850,0 мың теңге табыс табуға болады.
Жобаны «Еңбек» бағдарламасымен бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (530,0 мың тг.) есебінен қаржыландыруға болады. Қазіргі таңда, облыста 20 отбасы өтінім тапсырып, 7 отбасы қаржыландырылды. Аталған отбасылар алғашқы қырыққабат өнімін жинап, екінші қияр өнімін егуге кірісті.
Аталған жобаның тиімділігі Израиль-Қазақстан сауда палатасы мамандарымен облыста кеңінен талқыланып, агроқұрлымдарға семинар өткізіліп, түсіндірілді. Қазіргі таңда қызығушылық артып отыр.