Төлеби туризмді дамытуға қолайлы өңір

Oinet.kz 03-06-2020 685

Туризм Оңтүстікке ту тігеді

Төлеби ауданы – туризмді дамытуға қолайлы өңір. «Облыс әкімінің бастамасымен туризм саласын дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарланып, бұл мақсатта инфрақұрылым салуға 2020–2021 жылдары республикалық бюджеттен 21 млрд. 600 млн. теңге бөлу көзделіп отыр. Жоба толық іске қосылған кезде шаңғы трассаларының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның демалуына мүмкіндік туады. Бұл үшін 150 млрд. теңге жеке инвестиция тартылады.

Сонымен қатар, Қоғалы ауылдық округінде жеке кәсіпкер 100 орынды саумал-сауықтыру кешенін іске қоспақ. Онда 15 жаңа жұмыс орны ашылады.

Төлеби ауданында биыл 38 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Жаңадан іске қосылатын ірі инвестициялық жобалардың қатарында «Леңгір машина жасау зауытын» жаңарту жобасы бар. Оған 2 млрд. теңгеге инвестиция тартылмақ, нәтижесінде 250 адам жұмыспен қамтылады. Ал, Кемеқалаған ауылдық округіндегі «Қазығұрт бақтары» АШӨК-де жеміс-жидектерді қайта өндеу цехының құрылысы жүрмек. Одан бөлек, биыл ауданда жаңадан әртүрлі сала бойынша жеке қаржы есебінен тартылатын инвестиция көлемі 7 млрд. 018 млн. теңгені құрайтын 43 жоба іске қосылады.

Түркістанда «Бутик-отель» салынбақ
Ішкі туризм дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу